“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Бүгін Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионаты басталады

14.09.2024, 12:52

Қазақстан Испаниямен ойнайды

Бүгін Өзбекстанда футзалдан әлем чемпионаты басталады
ҰОК

Бүгін, 14 қыркүйекте футзалдан Өзбекстанда әлем чемпионаты басталады. Фавориттердің арасында Қазақстан құрамасы да бар.

Рикардо Кака жаттықтыратын ұлттық құрама  D тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен ойнайды. Алғашқы матч 15 қыркүйекте Испаниямен өтеді.

Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында 14 ойыншы барады. Нақты тізімге 2 қақпашы мен 12 алаңдағы ойыншы енді. Олар: Нарун Серіков, Леонардо Игита, Арнольд Кнауб, Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Азат Валиуллин, Лео, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Жахангир Рашит және Дуглас Жуниор.

Әлем чемпионаты бүгін Хорватия мен Таиланд арасындағы матчтан басталады. Қазақстан мен Испания арасындағы кездесу 15 қыркүйекте 17:30-да өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам