ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Абу-Дабидегі Гранд Слэмді Қазақстан үш қоламен аяқтады

13.10.2024, 20:00

Турнирге 29 мемлекеттен 219 спортшы қатысты

Абу-Дабидегі Гранд Слэмді Қазақстан үш қоламен аяқтады
IJF

Абу Дабиде дзюдодан Гранд Слэм жарысы аяқталды. Бәсекенің үшінші күнінде қыздар арасында аса ауыр салмақтағы (+78 келі) отандасымыз Назгүл Маратова қола медаль еншіледі.

Маратова қола жүлдеге таласта қосымша уақытта (golden score) Анастасия Холодинадан (Бейтарап атлет) айласын асырды.

Осыған дейін +78 келі салмақта қола жүлдеге таласқан тағы бір отандасымыз Карина Такиева 3 ескерту алып, хорватиялық дзюдодан ұтылып қалған.

Осылайша, Қазақстан Абу-Дабидегі турнирді 3 қола медальмен аяқтады.

Мұның алдында Дәурен Сүйеукенов (60 келі) пен Абиба Әбужақынова (48 келі) қола жүлдегер атанған. 

IJF ережелеріне сәйкес жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері рейтингте мынадай ұпайға ие болады: І орын үшін 1000, ІІ орын үшін – 700, ал ІІІ орын үшін – 500 ұпай. Жалпы бұл турнирге 29 мемлекеттен 219 спортшы қатысты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам