Негізі Николау өз дивизионының рейтингінде 10-орында тұрған
UFC бірқатар спортшыны құрамынан шығарып тастады, оның ішінде жақында ғана Асу Алмабаевтан жеңілген бразилиялық Матеус Николау бар.
MMA Fighting мәліметінше, қатардан шығарылғандар тізімінде жеті спортшы болса, оның ішінде ауыр салмақ өкілі Робелис Деспанье (5-2) мен аса жеңіл салмақта өнер көрсететін Матеус Николау (19-5-1) да бар.
Негізі Николау өз дивизионының рейтингінде 10-орында тұрған. Осылайша, Матеус екінші рет UFC-ден кетіп отыр. Бұған дейін ол 2019 жылы шығарылып, 2021 жылы 2:0 көрсеткішінен соң қатарға оралған.
Ал бұл жолы ол соңғы үш айқасында Брэндон Ройвалға, Алекс Перес пен Асу Алмабаевқа жол берді.
Естеріңізде болса, Алмабаев — Николау жекпе-жегі 20 қазан күні Лас-Вегастағы UFC Fight Night 245 турнирі аясында өтті. Кездесу үш раундқа есептеліп, төрешілердің ортақ шешімімен Асу жеңіске жетті.