ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым! Эфирде Ермаш, Олжас және Ганс!

«Барыс» бірде-бір гол соқпаған легионерге 55 миллион теңге өтемақы төлеп құтылды

08.11.2024, 13:34

Хоккейші біраз ойынға қатыспаған

«Барыс» бірде-бір гол соқпаған легионерге 55 миллион теңге өтемақы төлеп құтылды
“Барыс” ХК

Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын Астананың «Барыс» клубы америкалық шабуылшы Си Джей Смитпен қоштасты.

Ол биылғы маусымда денсаулығына байланысты біраз ойынға қатыса алған жоқ. Тек 9 матчқа қатысып, бірде-бір гол соққан жоқ. Тіпті, нәтижелі пас та бермеген.

«Трансферы КХЛ» telegram арнасының жазуынша, клуб америкалық хоккейшімен келісімшарт бұзғаны үшін 50 миллион теңге өтемақы төледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 1

Материалда:

×