Бразилиядағы оқиғалар-2: фэйк Рональдиньо, қарапайым Клозе, жұрт ұмытқан МакМанаман

Мүгедектігі бар спортшылар үшін жаңа заң жобасы әзірленді

13.11.2024, 11:48

«Мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізіледі

Мүгедектігі бар спортшылар үшін жаңа заң жобасы әзірленді
Астана әкімдігі

Туризм және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінедене шынықтыру және спорт, сондай-ақнормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалықрегламенттелуін болғызбау мәселелері бойыншаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі.  
 
Құжатта маңызды жаңашылдық ретінде«мүгедектігі бар спортшыны сүйемелдеуші» ұғымы енгізіледі. Бұл жаңа ереже бірінші топ мүгедектігі бар спортшыларға спорттық іс-шараларға қатысу кезінде көмек көрсетугемүмкіндік береді. Заң жобасы мүгедектігі бар спортшылардың қозғалыс еркіндігін жәнеспорттық жарыстарға қатысу шарттарынұлғайтуға бағытталған.  
 
Туризм және спорт министрлігі өкілдерініңайтуынша, бұл өзгеріс спорттағы инклюзивтіліктіарттырып, мүгедектігі бар азаматтардың спортқақатысуына қолайлы жағдай жасауға септігінтигізеді.

«Мүгедектігі бар спортшылар үшін арнайыкөмек көрсету жүйесін енгізу – бұл еліміздегіспортты барынша инклюзивті ету жолындағымаңызды қадам. Біз барлық азаматтар үшін теңмүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталғансаясатты жалғастырамыз», – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.  

Құжаттың қабылдануы спорт саласындағыинклюзивтілікті арттырып, мүгедектігі бар спортшылардың жеңістеріне қолдау көрсетугеүлкен мүмкіндік береді.  

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам