ҚФФ-ға жастар басшы болады. Олар ескі жүйені бұзып, жаңашылдық әкеле ала ма?

Қазақстан намысын қорғаймын деген шетелдіктерге шектеу қоя алмаймыз – министр

13.11.2024, 12:03

Министр легионерлерге заңмен шектеу қойылмайтынын айтты

Қазақстан намысын қорғаймын деген шетелдіктерге шектеу қоя алмаймыз – министр
Видеодан кадр

Бүгін Туризм және спорт министрі Ербол мырзабосынов Мәжіліс депутаттарының назарына жаңа заң жобасын ұсынды. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстан азаматтығын алған шетелдік легионерлерге шүйлігіп, министрге сауал қойды.

«Мемлекет басшысы Париж олимпиадасына қатысқан отандық спортшылармен кездескенде: «Кез келген легионер ұлттық құрамаға шақырту алғысы келетін жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін атлеттеріміздің жолын кеседі» деді. Бұл өте өзекті мәселе. Қазір Ұлттық құрамамыздың сапында Қазақстан азаматтығын алған шетелдік спортшылар жетерлік. Олар  ортақ тәртіпке бағынбайды. Қазақстанға келеді, уәкілетті органдар оларға дереу азаматтық береді. 

Бірақ Қазақстан азаматы атанған шетелдік спортшылардың ауыз толтырып айтатын жетістіктері жоқ. Тіпті Париж олимпиадасы кезінде біздің елдің азаматтығын алған 2 шетелдік теннисшінің жарысқа қатыспай қойғанын білеміз. Артынан түрлі ақталулар болды. Бірақ бұл елдің наразылығын тудырды.

Осыған орай орынсыз жағдайлар келешекте болмауы үшін, шетелдік спортшылар Қазақстан азаматтығын алып өзіміздің жас таланттардың жолы кеспеуі үшін министрлік заңнама негізінде нақты қандай қадамдар жасады?», – деп сұрады Мәжіліс депутаты.

Министр ел азаматтығын алып, Қазақстан атынан өнер көрсетуді көздеген шетелдіктерге шектеу қойылмайтынын айтты.

«Бүгінгі таңда біздің негізгі мақсат – отандық мектепті қалыптастыру. Өзіміздің спортшыларды қолдау. Заң жобасы аясында Қазақстан азаматы болып табылмайтын спортшыларды бюджет қаражатынан қаржыландыруға тыйым салу көзделген. Заң аясында келіп, азаматтықты алып, Қазақстанның чемпионаттарына қатысам дегендерге заң жүзінде шектеу қоя алмаймыз. Бірақ біз әр спорт түрлерінен дайын спортшыларды елге әкелмейміз. Біздің жоспарымызда сырт елден ғылыми топтарды тарту және ғылыми институттармен жұмыс істеу, сырт елден бапкерлік корпусты шақырып, жұмыс істеу», – деп жауап берді Ербол Мырзабосынов.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам