Маржықпаев көпшілік арасында тараған болжамға қатысты ойын айтты
Бұрынғы туризм және спорт министрі, бүгінде премьер-министр кеңесшісі Ермек Маржықпаев өзінің Қазақстан футбол федерациясының президенттігіне сайлануы мүмкін екендігін қатысты пікір білдірді. Маржықпаев көпшілік арасында тараған бұл болжамды жоққа шығарды.
«Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына менің кандидатурамды ұсыну бойынша ақпаратқа түсініктеме беріп өтейін. Менің бұл қызметті атқаратын еш жоспарым жоқ. Сіздер сияқты мен де футбол жанашырмын. Сондықтан да бұл нөмір бірінші спортта біздің ұлы жеңістеріміз әлі алда екеніне сенімдімін», - деді ол.
Естеріңізде болса, жақында ғана 2022 жылғы ақпан айынан бері еліміздің футбол федерациясының тізгінін ұстаған Әділет Барменқұлов орнын босатып, қазір оның орнын кімнің басатыны қоғамда қызу талқыланып жатыр.