Жаңа подкаст! Қонақта Қайрат Әділгерей!

Дзюдодан Гранд Слэм турниріне Қытай атынан алғаш рет қазақ қызы қатысты

09.12.2024, 00:03

Ол азулы қарсыластарын жеңгенімен, ресейлік балуанға есе жіберді

Дзюдодан Гранд Слэм турниріне Қытай атынан алғаш рет қазақ қызы қатысты
IJF

Дзюдодан Токиода өтіп жатқан Гранд Слэм турниріне Қытай атынан этникалық қазақ Айман Жеңіснұр қатысты. 78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде белдескен қандасымыз жүлдеге бір қадам жетпей, жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Қытай тарихында дзюдодан әлемдік додаларға қазақ қызжары бұған дейін қатыспаған. 

Айман Жеңіснұр алғашқы белдесуде жастар арасындағы Әлем чемпионы, ересектер арасындағы Азия чемпионы – Оңтүстік Корея дзюдошысы Хёнжи Лиді екі вазари әдісімен жеңді.

Ал, ширек финалда Жапонияның азулы балуаны Мая Сегеваның қос жауырынын жерге тигізіп, иппон әдісімен жеңіске жетті.

Дегенмен, Айман жартылай финалда бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Элис Старцевеге есе жіберді. Ал, үшінші орын үшін белдесуде жапониялық Такахаши Руримен күресіп, тағы жеңілді.

Осылайша Айман Жеңіснұр Токиодағы Гранд Слэм бәсекесін 5-орынмен аяқтады.

Айта кетейік, аталған жарысқа Қазақстаннан 11 дзюдошы барған болатын. Олардың оны жеңіліп қалса, біреуі үшінші орын үшін белдеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам