Атыраулық балуан анасының емі үшін елден көмек сұрады

Telegram WhatsApp

Спортшының анасы ауыр дертке шалдыққан

©instagram.com/kazakhstan__wrestling
©instagram.com/kazakhstan__wrestling

Грек-рим күресінен ұлттық құрама мүшесі Евгений Поливадов үндеу жариялап, елден анасының еміне көмектесуін өтінді.

Белгілі спортшыға достары да қолдау көрсетіп, оның үндеуін әлеуметтік желіде жариялаған.

«Менің осы үндеуді жариялауыма отбасымдағы мына жайт себеп болып отыр. Анам Ирина Поливадова 2023 жылы қатерлік ісік дертіне шалдықты. Сол жылы ақша жинап, ота жасаттық. Бәрі сәтті өткенімен, кейін тағы сыр берді. Қазір біз анамды емдеу сатысындамыз. Түрік дәрігерлерінің көмегіне жүгініп отырмыз. Бұған жобамен 12 млн теңге ақша қажет»

деді Евгений Поливадов

Евгений Поливадов 2024 жылы Астанада өткен ел чемпионатында 82 келіде топ жарған болатын. Ол 2019 жылы жастар арасында Венгрияда өткен әлем чемпионатында қола жүлде иеленген. Балуан былтыр Тиранада өткен әлем біріншілігіне қатысып, іріктеу кезеңінде Түрікменстан балуанын ұтты. Алайда екінші айналымда өзбекстандық спортшыға ірі есеппен жол берді.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 56 600 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 260 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 504 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 573 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 277 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 163 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 277 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 816 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 497 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 327 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 303 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 478
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Астон Вилла
9
7
Манчестер Сити
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›