Жеңіл атлетикадан әлем және Олимпиада чемпиондары Астанадағы турнирге қатысатын болды

Telegram WhatsApp

Қазақстан да аталған жарысқа өз мықтыларын қосады

instagram.com/astanameet/
instagram.com/astanameet/

25 қаңтарда елордада Әмин Тұяқовтың жүлдесіне арналған халықаралық Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes – World Athletics Indoor Tour Gold 2025 маусымының бірінші кезеңі басталады. Халықаралық турнирге әлемнің 40-қа жуық елінен ең үздік атлеттер келеді деп күтілуде.

Атап айтқанда, ямайкалық спринтер, 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Кишан Томпсон Астанада бағын сынайды. Ол жабық ғимараттағы жарыста 60 метр қашықтықта дебют жасайды.

Сондай-ақ, 200 метр қашықтыққа жүгіруден Олимпиада чемпионы және 5 дүркін жүлдегері, Гауһар лигасының жеңімпазы, әлем чемпионы, әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері канадалық Андре Де Грасс та келеді. Грасс 2024 жылы да Астанада өткен осынау жарыста өнер көрсеткен.

Әйелдер арасында 100 метр қашықтықта кедергілермен жүгіруден Рио олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы америкалық атлет Ниа Али де осы турнирде бағын сынайды.

Турнирге қатысатын өзге де танымал жеңіл атлеттер:

  • Әйелдер арасында ядро лақтырудан 2022-2023 жылдардағы әлем чемпионы, жабық кешендегі әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері – Чейз Фостер Джексон (АҚШ);
  • Қысқа қашықта жүгіруден жастар арасындағы 2 дүркін әлем чемпионы, Гауһар лигаларының жүлдегері – Антоник Страчан (Багам аралдары);
  • Кедергілер арқылы жүгіруден 4×400 метр эстафета сайысынан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, жабық кешендегі әлем чемпионатының жеңімпазы, әлем чемпионатының үш дүркін күміс жүлдегері – Джаниев Рассел (Ямайка);
  • Ұзындыққа секіруден әлем чемпионы, әлем чемпионатының жүлдегері – Маркиз Денди (АҚШ)
  • Әйелдер арасында 1500 метрде жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, 800-1500 метрлерде Африка ойындарының жеңімпазы – Хирут Мешеша (Эфиопия)
  • Эстафетадан (4×400, 4×400 mixed) Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Еуропа чемпионы – Алекс Хейдок-Уилсон (Ұлыбритания)

Қазақстан да бұл жырасықа мықтыларын қосқалы отыр. Олардың қатарында Надежда Дубовицкая, Нора Жеруто, Ангелина Земс секілді желаяқтар бар.

Айта кетейік, аталған турнир 2024 жылдан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Былтыр да бұл жарысқа әлемнің ең үздік жеңіл атлеттері келіп қатысқан болатын.

Бүгін YouTube-та

Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 54 582 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 217 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 483 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 532 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 271 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 157 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 267 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 804 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 494 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 310 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 295 Shorts Тоқаев болмағанда қазақ футболы одан әрі тоқырай беретін еді. Инвесторлар ҚПЛ-ді құтқарды – сарапшы 460