
Енді Абиба финал жолдамасын нидерландтық Эмбер Гершеспен сарапқа салады
Турнирдің ширек финалында аустриялық дзюдошы Жаклин Спрингермен кездесуде отандасымыз басымдық танытып, жартылай финалға өтті. Енді Абиба финал жолдамасын нидерландтық Эмбер Гершеспен сарапқа салады.
Абиба Әбужақынова бұған дейін жапониялық Мизука Харададан айласын асырған еді.
Сондай-ақ, Линц Гран Приінің 60 келі бойынша бәсекесінде қазақстандық Талғат Орынбасар1/8 финалда бразилиялық Мишель Аугустоға жол беріп, жүлдесіз қалды.
Қазақстан дзюдошыларынан енді 66 келіде 66 келіде Нұрмұхамед Ботабай 1/8 финалда өзбекстандық Дилшодбек Баратовпен белдеседі.
Бұған дейін әйелдер арасында 52, 57 келіде белдескен балуандарымыз жарысты алғашқы айналыммен аяқтаған болатын. 7-8 наурыз күндері Аустрияда өтіп жатқан бұл сынға Қазақстан құрамасы сапында барлығы 14 дзюдошы аттанған еді.