Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Олимпиада чемпионы атанған түрік балуаны Қызылордаға қонаққа келмек

07.03.2025, 17:48

Таха Ақгүл Рио Олимпиадасында чемпион атанған

Олимпиада чемпионы атанған түрік балуаны Қызылордаға қонаққа келмек
tonyrotundo.smugmug.com

Еркін күрестен Олимпиада чемпионы атанған түркиялық балуан Таха Ақгүл сәуір айында Қызылорда қаласына келеді.

Түріктің белгілі спортшысы сыр елінде өтетін шараға құрметті қонақ ретінде шақырылған. Бұл ұсынысқа бүгінде Түркияның күрес түрлері федерациясының президенті лауазымын атқаратын Таха Ақгүл келісім берген.

Аталған жағдай туралы еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов мәлімдеді.

«Олимпиада чемпионы, Түркия күрес федерациясының президенті Таха Ақгүл 17-20 сәуірде Қызылордада өтетін турнирге қонақ болып келетінін айтты», - деп жазды Д.Жабасов желідегі ресми парақшасында.

Таха Ақгүл Рио Олимпиадасында чемпион атанған. Сондай-ақ, ол Токио және Рио Олимпиадасында қола жүлде еншіледі. Әлем чемпионатының финалына бірнеше рет шығып, 3 рет алтын, 2 рет күміс медаль иеленді. Сондай-ақ, Еуропаның 11 дүркін чемпионы атанды.

2024 жылы Париж Олимпиадасында қола жүлде үшін белдесуде қырғыз балуанын ұтқан Таха Ақгүл спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам