Абиба Әбужақынова Аустрия Гран Приін жеңіспен бастады

07.03.2025, 16:25

Бұл оның 2025 жылдағы бірінші жарысы

Абиба Әбужақынова Аустрия Гран Приін жеңіспен бастады
IJF

Дзюдодан Линцте басталған дзюдодан Гран Приі турнирінде қазақстандық Абиба Әбужақынова жарысты жеңіспен бастады.

Қазақстан дзюдошысы 48 келіде алғашқы белдесуінде жапониялық Мизуки Харададан басым түсті. Енді ол келесі айналымда Аустрия өкілі Жаклин Спрингермен белдеседі.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы сапында Толғанай Әбеуова (52 келі), Дана Әбдірова (57 келі) алғашқы айналымда жарысты аяқтаса, 60 келіде Талғат Орынбасар швейцариялық Дэвид Гоштан басым түсті. Бұдан бөлек, 66 келіде Нұрмұхамет Ботабай неміс спортшысы Ноэль Шмидті қапы қалдырды.

Айта кетейік, Абиба жыл басталғалы бері енді бірінші жарысына қатысып отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам