Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Әуежайда ерлік жасаған азамат бұрынғы спортшы болып шықты (ВИДЕО)

07.03.2025, 19:52

Ол Қазақстан чемпионатын жеңгенімен, халықаралық және әлемдік деңгейлерде өнер көрсетпеген

Әуежайда ерлік жасаған азамат бұрынғы спортшы болып шықты (ВИДЕО)
tengrinews.kz

Алматы әуежайында кепілдегі қызды құтқарған Мұса Әбдірайым бұрын спорпен кәсіби шұғылданған. Tengri Sport порталының жазуынша, ол ушу-саньда спортынан ел чемпионы болған. 

Жастайынан спортпен шұғылданғаннан кейін болар, суық қаруланған ер адаммен бетпе-бет келгенде оның бойында еш қорқыныш болмапты.

«Мен жаңа ғана досымды шығарып салдым. Сол сәтте бір ер адамның қызға шабуыл жасағанын көрдім. Өзім үшін емес, тек сол үшін қорықтым», – дейді ол.

Әбдірайым еш ойланбастан өзін кепілге ұсынып, кейін жанжалға кіріседі. Ол шабуылдаушының пышағын тартып алып, оны жерге құлатып, ұстауға көмектесті.

Қытай тіліндегі «саньда» сөзі «еркін соққы» немесе «бекітілмеген тәсілдер» деген мағынаны білдіреді. Бұл спортта техниканы қолдануда шектеу өте аз.

Бұл өнердің тарихы VI ғасырдан басталады, бірақ «ушу-саньда» термині тек 1979 жылы ресми түрде бекітілді. Сол кезде Қытайдың мемлекеттік спорт комитеті ушудың жаңа спорттық форматын қалыптастыру туралы шешім қабылдаған.

Бұл спортта жаттыққан спортшылар аралас жекпе-жектерде (ММА) жиі кездеседі. Мысалы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов және қазіргі белсенді чемпион Ислам Махачев өз мансабын осы спорттан бастаған.

Мұса Әбдірайым – Қазақстан чемпионы. Ол «Елюхан» кәсіби-спорттық клубының тәрбиеленушісі. Мұса ушу-саньда мен муай-тай бойынша ел чемпионаттарында жүлдегер атанған, бірақ халықаралық деңгейде жоғары жетістіктерге жетпеген.

Айта кетейік, 52 жастағы Мұса «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымның немере ағаы. Бағланның өзі де кезінде бокспен айналысқан.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам