ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым!

Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы екі жылға спорттан шеттетілді

10.07.2025, 09:31

Енді Рашитов 2027 жылдың 12 мамырынан кейін ғана жарыстарға қайта орала алады

Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы екі жылға спорттан шеттетілді
Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі

Таэквондодан әлемдік аренада мойындалған Өзбекстан өкілі – Улугбек Рашитов жайлы халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) күтпеген мәлімдеме жасады.

Бір қарасаң, сену қиын. Бірақ 68 келіге дейінгі әлемдік рейтингтің көшбасшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы антидопинг ережелерін бұзғаны үшін ресми түрде екі жылға жарыстардан шеттетілді. Рашитовтың жасы бар-жоғы – 23-те.

Себебі, өте қызық жайт. Спортшы соңғы бір жылдың ішінде үш мәрте өзінің орналасқан жері туралы ақпаратты дұрыс ұсынбаған. Бұл әрекет спорттық ережелерге қайшы келеді. Енді Рашитов 2027 жылдың 12 мамырынан кейін ғана жарыстарға қайта орала алады.

Улугбек Рашитов туралы қысқаша ақпарат:

  • Туған күні: 2002 жылдың 23 наурыз
  • Спорт түрі: таэквондо
  • Жетістігі: Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам