Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Тасбауыр деді»: Арина Соболенко экс-жігітінің өлімінен кейінгі сын туралы айтты

Бүгін, 16:05

Теннисші 2024 жылы көз жұмған Кольцовтың өлімін бірден қабылдай алмаған

«Тасбауыр деді»: Арина Соболенко экс-жігітінің өлімінен кейінгі сын туралы айтты
Әлеуметтік желі

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко бұрынғы жігіті, хоккейші Константин Кольцов қайтыс болғаннан кейінгі сәттер туралы алғаш рет ашық пікір білдірді.

Теннисші 2024 жылы көз жұмған Кольцовтың өлімін бірден қабылдай алмағанын айтты. Оның сөзінше, суыт хабарды естіген сәтте полицейдің өзімен дауласып қалған.

«Маған бұл сұмдық хабарды жеткізген полицеймен сөзге келіп қалдым. Себебі оған сенгім келмеді. Кейін әлеуметтік желіде мені қатты сынады. “Суық”, “тасбауыр” деген пікірлер айтылды. Бірақ адамның қайғыны қалай қабылдауы керек деген нақты қағида жоқ шығар деп ойлаймын. Мұндай жағдайда “дұрыс” не “бұрыс” реакция болмайды. Әркім қайғыны әртүрлі өткереді. Ал мен үшін жұмысқа қайта оралу — сол кезеңдегі жалғыз құтқарушы болды», — деді Соболенко.

Еске салайық, 2024 жылдың наурызында белгілі хоккейші әрі бапкер Константин Кольцов қайғылы жағдайда көз жұмған еді. Кейін Арина Соболенко ол кезде Кольцовпен қарым-қатынаста болмағанын мәлімдеді.

Сол жылдың көктемінде теннисшінің бразилиялық кәсіпкер Георгиос Франгулиспен кездесіп жүргені белгілі болды. Ал биыл наурыз айында Франгулис Соболенкоға сөз салып, спортшы ұсынысты қабыл алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам