Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстандық жасөспірім теннисші Әмір Омарханов әлемдік рейтингте бірнеше сатыға көтерілді

27.02.2024, 14:39

Оның Australian Open турниріндегі жетістігін Халықаралық теннис қауымдастығы ерекше бағалады

Қазақстандық жасөспірім теннисші Әмір Омарханов әлемдік рейтингте бірнеше сатыға көтерілді
Қазақстан теннис федерациясы

Жасөспірімдер теннисінен Қазақстанның бірінші ракеткасы саналатын Әмір Омарханов жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтигнгте бірден бірнеше сатыға жоғарылап, алғашқы ондыққа жақындады.

Есте болса 16 жастағы теннисші жыл басында Australian Open турниріне қатысып, жарыстың фавориттерін жеңген болатын және 1/4 финалға дейін жетті. Мұндай жетістікке еліміздің бірде-бір жасөспірім теннисшісі жеткен емес.

Халықаралық теннис қауымдастығы (ITF) да Әмірдің бұл жетістігін ерекше бағалап өткен.

«Қарағандылық Әмір Омарханов 6 сатыға көтеріліп, 12-орынға жайғасты. Бұл қазақстандық жасөспірімдердің арасындағы ең үздік көрсеткіш», - делінген Қазақстан теннис федерациясы таратқан ақпаратта.

Қазіргі таңда Әмір Омархановтың 1336 ұпайы бар. Ол Оныншы орында тұрған теннисшіден небәрі 200 ұпайға қалып келеді.

Теннистен әлемдегі ең ірі жарыстардың, соның ішінде Үлкен дулыға турнирлерін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі. http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам