Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Александр Недовесов Мексика турнирінің жартылай финалына шықты

23.02.2024, 11:44

Матч үш сетке созылды

Александр Недовесов Мексика турнирінің жартылай финалына шықты
olympic.kz

Қазақстандық теннисші, жұптық сында өнер көрсететін Александр Недовесов Мексиканың Лос-Кабос қаласында басталған ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Жұптық ойын бойынша еліміздің бірінші ракеткасы ширек финалда Эквадор өкілі Гонсало Эскобармен жұп құрып, британ Нил Скупски мен мексикалық Сантьяго Гонсалеспен өзара шеберлік байқасқан еді.

Кездесудің алғашқы сетінде британ-мексикалық жұп 6:3 есебімен басым түсіп, алға шықты. Алайда, екінші кезеңде А.Недовесов/Г.Эскобар жұбы 7:6 (7:2), 10:6 нәтижесімен басымдыққа ие болды.

Аталған кездесу 1 сағат 50 минутқа жалғасып, аса тартысты ойында қазақстандық-эквадорлық теннисшілер жартылай финалға шығып отыр. Енді финалдық жолдама үшін Александр Недовесов жұбы Мигель Анхель Рейес-Варела (Мексика)/Гвидо Андреоццимен (Аргентина) шеберлік байқаспақ.

Бұған дейін әйелдер арасында әлемнің 4-ші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайдағы турнирде денсаулығына байланысты ширек финалдық ойыннан бас тартқан болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам