Жуырда ғана Ресейден көшіп келген Шевченко болса төмен құлдырады
Ерлер теннисінен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінде 20-орынға көтерілді. Бұл оның мансабындағы ең жоғары көрсеткіш.
Өткен аптада Бублик Дубайда өткен ATP 500 турнирінде финалға дейін жетіп, ақтық сында француз Уго Умберден жеңілген болатын. Соның нәтижесінде ол әлемдік рейтингте үш сатыға жоғарылады.
Ал, жуырда ғана Қазақстан азаматтығын алған экс-ресейлік теннисші Александр Шевченко болса керісінше, төрт сатыға төмендеп, 51-орынға сырғыды.
Михаил Кукушкин болса бірден 25 сатыға жоғарылап, 140-орынға тұрақтады. Денис Евсеев – 180, Бейбіт Жұқаев 191-орында тұр.
ATP рейтингін бұрынғыша серб Новак Джокович бастап келеді. Карлос Алькарас (Испания) – екінші, Янник Синнер (Италия) – үшінші орында.