Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

Арина Соболенко украиналық теннисшімен кездесу алдында мәлімдеме жасады

13.05.2024, 12:36

Бүгін Римдегі Masters турнирінің 1/8 финалдық ойындары өтеді

Арина Соболенко украиналық теннисшімен кездесу алдында мәлімдеме жасады
Getty Images

«Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердің екі дүркін чемпионы, әлемнің екінші ракеткасы белорус Арина Соболенко Римдегі WTA 1000 турниріне қатысты ойын бөлісті.

«Мен Римді жақсы көремін. Мұнда өзімді өте жайлы сезінем. Стадиондағы атмосфера ұнайды. Сонымен қатар, қалада серуендегенді жақсы көремін. Тамағы өте дәмді, ерекше мейрамханалар көп. Римде жеңілгенде кәдімгідей көңілім құлазиды, себебі өзімді «Үлкен дулығада» жеңіліс тапқандай сезінемін. Римде жеңіске жету – мен үшін арман», - деді Соболенко Tennis.com-ға берген сұхбатында.

26 жастағы беларусь теннисшісі 2022 жылы Римдегі турнирдің жартылай финалына шыққан. Бұл оның әзірге ең үздік нәтижесі. Ол кезде Арина польшалық Ига Швентекке 2:6, 1:6 есебімен жол берді.

Айта кетейік, Соболенко бүгін Украина өкілі Элина Свитолинамен кортқа шығады. Былтыр қос теннисші «Ролан Гаррос» турнирінде кездескен болатын. Сол матчтан кейін Свитолина Соболенконың қолын алмай, Беларусь пен Ресей спортшыларына құрмет көрсетілмейтінін мәлімдеген еді. Бұл өз кезегінде әлемдік деңгейде резонанс тудырды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам