Ол енді жұптық бәсекеде жарысты жалғастырып жатыр
Римде өтіп жатқан Masters турнирінде өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Александр Бублик (#17) португалдық Нуну Боржештен (#53) жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды.
1 сағат 20 минутқа созылған матч 6:4, 6:4 есебімен аяқталды. Сәтсіз ойнаған геймдердің бірінде Бублик эмоцияға ерік беріп, қолындағы ракеткасын жерге ұрып сындырды. Кейін сынған ракетканы ол трибунада отырған көрермендердің біріне бере салды.
Кездесу барысында қазақстандық теннисші жеті эйс жасап, 16 рет қателесті. Сондай-ақ, мүмкін болған бес брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды. Оның қарсыласы небәрі бір эйс жасап, 12 брейк-пойнттың бесеуін сәтті жүзеге асырды.
Айта кетейік, Римдегі турнир 19 мамырда мәресіне жетеді. Жарыстың жүлде қоры – 7,8 млн еуро.