Екі жылдық үзілістен кейін ол екінші жарысына қатысып жатыр
Үлкен спорттан үзіліс алып, қайта оралған Зарина Дияс Жапонияда басталған ITF W75 турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.
Отандасымыз бұл турнирдің алғашқы айналымында әлемнің 410-ракеткасы Сакура Хосогимен өзара мықтыны анықтап, 2:1 есебімен басым түсті.
Алғашқы партияда Зарина 6:4 нәтижесімен алға шықты. Алайда, екінші сетте жапон теннисшісі басымдыққа ие болып, 6:3 есебін тіркеді.
Ал, үшінші кезеңде Зарина Дияс 7:6 (7:2) нәтижесімен жеңіске жетіп, екінші айналымға өтті.
Енді ол 1/8 финалда әлемдік рейтингте 214-орында тұрған Таиланд теннисшісі Мананчэйа Савангкаевмен шеберлік байқасады.