Қыздар мен ерлер боксы теңеседі. Еркекшора бокшылар. Ұлттық құрамадағы интирига

Бірде бронхит, бірде арқа жарақаты: Елена Рыбакина тағы ауырып қалды

13.09.2024, 11:20

Ол жыл басынан бері онға жуық турнирге соңына дейін қатыса алмады

Бірде бронхит, бірде арқа жарақаты: Елена Рыбакина тағы ауырып қалды
Reuters

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Сеулдегі Korean Open турниріне қатыспайтын болды. Енді мұның себебі анықталды.

Бұған дейін Рыбакинаның аталған турнирге не үшін қатыспайтыны айтылмаған еді. Енді, міне, қазақстандық теннисшінің Оңтүстік Кореяда жарақатына байланысты өнер көрсете алмайтыны белгілі болды. Бұл жолы ол арқасынан алған жарақатына байланысты қатыспайды.

Рыбакинаның биыл бас тартқан жарыстары көбейіп кетті. Бұған дейін ол US Open жарысында да бірінші айналымнан кейін шығып қалған болатын. Ол кезде оның ескі жарақаты сыр бергені айтылды.

Рыбакина сондай-ақ, хорватиялық Стефано Вуковпен де әріптестік байланысын тоқтатты. Спортшының өмірінде қазір не болып жатқаны түсініксіз.

Париж Олимпиадасы кезінде де Елена Рыбакина жарысқа қатысқан жоқ. Ол өткір бронхитпен ауырдым деп, Франция астанасына мүлдем келмеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам