Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Қазақстандық олигарх Болат Өтемұратов теннис федерациясының президенті болып қайта сайланды

06.12.2023, 16:14

Ол аталған лауазымды ұзақ жылдан бері атқарып келеді

Қазақстандық олигарх Болат Өтемұратов теннис федерациясының президенті болып қайта сайланды
Фото ашық дереккөзден

Қазақстандағы ең дәулетті адамдардың бірі Болат Өтемұратов еліміздің теннис федерациясының жыл сайынғы конференциясында президент болып қайта сайланды. 

Конференция барысында қатысушы делегаттар мен федерация филиалдарының өкілдері Б.Өтемұратовты алдағы 4 жылға аталған ұйымның басшылығына таңдап отыр. Теннис федерациясына ол 2007 жылдан бері басшылық жасап келеді. 

ҚР теннис федерациясының мәліметінше, қазіргі уақытта Қазақстанда 48 теннис орталығы бар. Сонымен бірге, 364 корттың басым бөлігі жабық кешенде орналасқан. 

Жалпы, елімізде тенниспен барлығы 30 мыңдай жасөспірім шұғылданып жүргені белгілі болды. Сондай-ақ, федерация тарапы балалармен жұмыс істейтін 300 бапкер және 500 нұсқаушыны дайындап шығарғанын мәлімдеді.

Ал халықаралық теннис федерациясы 2021 жылы-ақ Қазақстандағы теннистің дамуын әлемдегі 20 үздік елдің қатарына қосты. Бұл орайда ойыншылар мен салынған корттар саны және ұлттық құраманың олимпиадалардағы, Дэвис кубогі мен Билли Джин Кинг кубогіндегі табыстары секілді жағдайлар есепке алынған. 

Бұдан бөлек, Болат Өтемұратов қыркүйек айында халықаралық теннис федерациясының (ITF) директорлар кеңесінің құрамына үшінші рет бекітілген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам