Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Биыл әлемдік жарыстарда Қазақстан теннисшілері қанша табыс тапты?

04.12.2023, 16:02

Ең көп табыс тапқан үздік ондықта жерлестеріміз жоқ

Биыл әлемдік жарыстарда Қазақстан теннисшілері қанша табыс тапты?
olympic.kz

2023 жыл бойы әлемдік жарыстарда көзге түсіп, рейтингте жоғарылаған отандық теннис шеберлерінің орны белгілі болды. Сонымен қатар, олардың жыл бойы тапқан табысы туралы ақпарат жария болып отыр. 

«Дядя Ваня» телеграм-каналының жазуынша, биыл әлемнің 24 елінен 52 теннисші жарыстарда кемінде 1 млн доллардан астам сыйақыға ие болған. Бұл ретте Еуропадан – 33, Солтүстік Америкадан – 11, Оңтүстік Америкадан – 4, Азиядан – 3 және Тынық мұхиты елдерінен 2 теннисші қосылып отыр. Оның ішінде Қазақстанның бір өкілі бар.

Атап айтқанда, қазақстандық теннисшілер арасында Александр Бублик 1,57 млн доллар табыс тапты. Ол жыл бойы 24 кездесуде жеңіске жетсе, 28 рет жеңілген. Отандасымыз орта есеппен матч сайын 28,8 мың доллардан табыс тапқан. Әлем бойынша өткен турнирдегі оның ең жоғары табысы Галле (446 мың доллар) және Уимбилдон (262 мың доллар) турнирлерінде тіркелген. 

Жылдың қорытындысы бойынша Бублик әзірге 26-орында тұр. Одан кейін Тимофей Скатов – 321 мың, Михаил Кукушкин – 134 мың, Бейбіт Жұқаев – 94 мың, Денис Евсеев – 78 мың доллар көлемінде табыс тапқан. 

2023 жылдың қорытындысы бойынша ең көп табыс тапқан спортшылар (доллар): 

1. Новак Джокович (Сербия) - 15,9 миллион;

2. Карлос Алькарас (Испания) - 10,7 миллион;

3. Даниил Медведев (Ресей) - 9,2 миллион;

4. Янник Синнер (Италия) - 8,2 миллион;

5. Андрей Рублев (Ресей) - 5,1 миллион;

6. Александр Зверев (Германия) - 4,8 миллион;

7. Стефанос Циципас (Грекия) - 4,7 миллион;

8. Хольгер Руне (Дания) - 4,1 миллион;

9. Хуберт Хуркач (Польша) - 3,8 миллион;

10. Тейлор Фриц (АҚШ) - 3,3 миллион.

Өз мансабында ең көп табыс тапқан теннисшілер (доллармен):

1. Новак Джокович (Сербия) - 180,6 миллион;

2. Рафаэль Надаль (Испания) - 134,6 миллион;

3. Роджер Федерер (Швейцария) - 130,5 миллион;

4. Энди Маррей (Ұлыбритания) - 64,2 миллион;

5. Пит Сампрас (АҚШ) - 43,2 миллион;

6. Александр Зверев (Германия) - 37,8 миллион;

7. Стэн Вавринка (Швейцария) - 36,5 миллион;

8. Даниил Медведев (Ресей) - 35,8 миллион.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам