Курбан Бердыев Ермұхамед Мәуленді не үшін кешірді? ЖБ Шоу! Жаңа шығарылым

Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан спортшы қыздардың қатарына қосылды

07.12.2023, 11:11

Ол табысының көбін жарнамадан емес, теннис турнирлерінен тапқан

Елена Рыбакина әлемдегі ең көп табыс тапқан спортшы қыздардың қатарына қосылды
instagram.com/lenarybakina/

Sportico басылымы 2023 жылы ең көп табыс тапқан спортшы қыздардың тізімін жариялады. Алғашқы ондыққа кіргендердің жетеуі теннисшілер.

Аталған тізімнің жетінші сатысында қазақстандық теннисші Елена Рыбакина тұр. Ол биыл 9,5 миллион доллар пайда тауыпты. Оның 6 миллионы жарыстарда жеңгені үшін алған жүлдесі.

2023 жылы ең көп табыс тапқан ТОП-10 спортшы қыздар:

1. Кори Гауфф (АҚШ, 22 жаста) - 22,7 миллион  доллар (6,7 миллионы жүлделі сыйақы);
2. Ига Швентек (Польша, 22 жаста) - 21,9 миллион (9,9 миллионы жүлделі сыйақы);
3. (сноуборд) Эйлин Гу (Қытай, 20 жаста) - 20 миллион (27 мыңы жүлделі сыйақы);
4. Эмма Радукану (Ұлыбритания, 21 жаста) - 16,2 миллион (238 мыңы жүлделі сыйақы);
5. Наоми Осака (Жапония, 26 жаста) - 15 миллион;
6. Арина Соболенко (Беларусь, 25 жаста) - 12,2 миллион (8,2 миллионы жүлделі сыйақы);
7. Елена Рыбакина (Қазақстан, 24 жаста) - 9,5 миллион (6 миллионы жүлделі сыйақы);
8. Джессика Пегула (АҚШ, 29 жаста) - 9 миллион (6 миллионы жүлделі сыйақы);
9. (Спорттық гимнастика) Симона Байлз (АҚШ, 26 жаста) - 8,5 миллион;
10. (гольф) Нелли Корда (АҚШ, 25 жаста) - 7,9 миллион (1,4 миллионы жүлделі сыйақы).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам