Команда тиісінше соңғы орында келеді
ВТБ бірыңғай лигасында ойнайтын «Астана» баскетбол клубының жолы болар емес. Команда биылғы маусымда қатарынан тоғызыншы рет жеңілді.
Бұл жолы Қазақстан клубы Красноярскінің «Енисей» клубын қабылдаған. Алғашқы үш кезеңде әлсіз ойнаған «Астананың» төртінші кезеңдегі белсенділігі көмектескен жоқ. Қорытынды есеп – 64:10. «Астана» сапынан Маркелл Джонсон 31 ұпай жинап, ең нәтижелі ойыншы болды.
Енді елорда клубы 26 қазанда Санкт-Петербургтің «Зенит» командасын қабылдайды.
ВТБ бірыңғай лигасы. 9-тур
«Астана» - «Енисей» - 64:70 (14:21, 12:16, 14:24, 24:9).
Айта кетейік, бұған дейін «Дядя Ваня» Telegram-каналы «Астана» баскетбол клубының бюджетін жазған еді. Клуб жылына 2,145 миллиард теңге жаратады екен. Оның ішінде 650 миллион теңгесі жалақыға жұмсалады.