Елордалық клуб 21 ойында 29 ұпай жинап, турнир кестесінің 11-сатысында келеді
ВТБ лигасында өнер көрсетіп жатқан «Астана» баскетбол клубы өз жерінде Пермь қаласының «Парма» командасымен кездесіп, жеңіліп қалды.
Астаналықтар үш кезең бойы жеңіп тұрып, төртінші кезеңде ойсырай жеңілді де, матч овертаймға ұласты (21:15, 19:14, 23:22, 8:20). Қосымша уақытта ресейліктер бір басқа жоғары ойнап, қорытынды есеп 86:76 болып аяқталды.
Матчта ең үздік нәтижені «Парма» ойыншысы Би Джей Джонсон көрсетті. Ол 33 ұпай және 7 нәтижелі паспен көзге түскен.