Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Әйгілі Джеймс Леброн әнұранды құрметтемегені үшін көпшіліктің қатаң сынына ұшырады (ВИДЕО)

14.12.2023, 15:52

Ол әлемдегі ең үздік сұрмерген саналады

Әйгілі Джеймс Леброн әнұранды құрметтемегені үшін көпшіліктің қатаң сынына ұшырады (ВИДЕО)
РБК

«Лос-Анджелес Лейкерс» командасының даңқты ойыншысы Джеймс Леброн матч алдында келеңсіз жайтқа ұшырап, көпшіліктің қатаң сынына ұшырады.

Баскетбол жұлдызы ойынға кешігіп келгенімен қоймай, АҚШ әнұраны ойнап жатқан кезде залды кесіп өтіп, өз орнына барып жайғасып отырған. Мұны көрген америкалықтар ашуланып, әлеуметтік желіде Лебронның атына балағат сөздер жазуда.

  • «Егер бұл АҚШ емес Қытайдың әнұраны болғанда, ол тоқтап тұра қалар еді»;
  • «Ол өзінің қызына қандай үлгі көрсетіп жатыр?»;
  • «Леброн Қытайдың әнұраны ойнағанда ешқашан бұлай отырмас еді», - деп жазды желі қолданушылары.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам