Жарнама
Жарнама

Дмитрий Биволдың келесі қарсыласы анықталды

Редактор
Бүгін, 16:27

Оның еншісінде 24 жеңіс бар, бір рет Артур Битербиевтен жеңілген

Getty Images

Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Бивол келесі жекпе-жегін германиялық Михаэль Эйфертке қарсы өткізуі мүмкін. Бұл туралы спортшының менеджері Вадим Корнилов мәлімдеді.

Оның айтуынша, маңызды кездесуді мамыр айында өткізу бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Сонымен бірге, Биволдың алдағы жоспары бірнеше жекпе-жекті қамтымақ. Ол алдымен Эйфертпен айқасуды көздесе, жыл соңына дейін ресейлік боксшы Артур Бетербиевпен үшінші жекпе-жек өткізуге ниетті.

Бұдан кейін Бивол Дэвид Бенавидес, Сауль Альварес сияқты танымал қарсыластармен немесе бірінші ауыр салмақтағы чемпиондардың бірімен жұдырықтасуы ықтимал. 28 жастағы Михаэль Эйферт кәсіби мансабында 14 жекпе-жек өткізіп, тек біреуінде ғана есе жіберген. Ол Халықаралық бокс федерациясы нұсқасы бойынша міндетті үміткер саналады.

Ал 35 жастағы ресейлік Дмитрий Бивол WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпион. Оның еншісінде 24 жеңіс болса, бір рет өзінің отандасы Артур Битербиевтен жеңілген.

Реклама
Реклама