Жарнама
Жарнама

Қамшыбек Қоңқабаев 4 жыл үзілістен соң рингке оралады

Редактор
Бүгін, 09:39

Боксшы кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін 2022 жылы өткізген

ҰОК

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокстағы келесі жекпе-жегін 9 мамыр күні Черногорияның Никшич қаласында өткізеді.

BoxRec.com мәліметінше, аса ауыр салмақта өнер көрсететін отандасымыздың қарсыласы – венесуэлалық Йонни Молина болмақ. 48 жастағы боксшының еншісінде 15 жеңіс, 15 жеңіліс және бір тең нәтиже бар. Алты раундқа жоспарланған айқас аса ауыр салмақ дәрежесінде өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қоңқабаев 24 мамырда Англияның Болтон қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шығуы тиіс болған. Алайда кейін оның жоспары өзгерді.

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін 2022 жылдың наурыз айында Алматыда өткізген еді. Сол жекпе-жекте ол өзбекстандық Фаррух Джураевты техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Реклама
Реклама