Усик пен Бенавидес арасындағы тарихи жекпе-жек талқыланып жатыр
Украиналық Александр Усик пен америкалық Дэвид Бенавидес 2027 жылы ауыр салмақта әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасуы мүмкін.
Бұл туралы The Ring журналының танымал инсайдері Майк Коппинджер Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады. Мәліметке сәйкес, Сауд Арабиясының Көңіл көтеру істері жөніндегі бас басқармасының төрағасы Турки Әл аш-Шейх аталған супер жекпе-жекті ұйымдастыруға қызығушылық танытып отыр.
Еске салсақ, Александр Усик соңғы кездесуін Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткізіп, британдық Даниэль Дюбуаға қарсы реванш айқаста жеңіске жеткен еді. Украиналық боксшы қарсыласын бесінші раундта нокаутқа түсіріп, аса ауыр салмақтағы абсолют әлем чемпионы атағын қорғап қалды.
Қазіргі таңда Усиктің кәсіпқой рингтегі еншісінде 24 жеңіс бар. Оның 15-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Украиналық боксшы әлі күнге дейін жеңілістің дәмін татқан жоқ.
Ал Дэвид Бенавидес 29 жаста. Америкалық боксшы кәсіпқой мансабында 32 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 26 қарсыласын нокаутпен ұтқан.