Олардың қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар
Сербия астанасы Белград қаласында бокстан ересектер арасында өтетін халықаралық турнирге қатысатын Қазақстан боксшыларының тізімі жарияланды.
Еліміздің бокс федерациясы «Белград жеңімпаздары» турнирінде 12-18 наурыз күндері аралығында 13 спортшы сынға түсетінін мәлімдеді.
Олардың қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар.
48 келі: Ернұр Қайрат
51 келі: Санжар Тәшкенбай
54 келі: Дәулет Молдашев
57 келі: Оразбек Асылқұлов
60 келі: Жексен Бейбарс
63,5 келі: Ерасыл Таңқай
67 келі: Дулат Бекбауов
71 келі: Сабыржан Аққалықов
75 келі: Диас Молжігітов
80 келі: Ерасыл Жақпеков
86 келі: Темірлан Мұқатаев
92 келі: Данияр Рахымбердиев
+92 келі: Дамир Тойбай
Бұған дейін ұлттық құрама Болгарияда өткен турнирге қатысып, 3 жүлде иеленген болатын.