Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Данияр Елеусіновтен жеңіліп қалған өзбек боксшысы мексикалық қарсыласын әзер жеңді (ВИДЕО)

25.02.2024, 12:11

Қарсыластың жарақатына байланысты төрешілер кездесуді тоқтатып тастады

Данияр Елеусіновтен жеңіліп қалған өзбек боксшысы мексикалық қарсыласын әзер жеңді (ВИДЕО)
Fightnews.info

Өзбекстандық кәсіпқой боксшы Шахрам Гиясов (14-0, 9 КО) АҚШ-тың Орландо қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде мексикалық Пабло Сесар Каномен (35-8-1, 25 КО) жұдырықтасып, жеңіске жетті.

Жекпе-жекті Гиясов белсенді бастап, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберген. Алайда, кездесу орта тұсына келгенде мексикалық боксшы күш алып, өзбекті қуып жүріп ұра бастады. Рефери тіпті нокдаун да ашты. Алайда, соңғы раундтардың бірінде Кано оқыстан құлап, тобығын жарақаттап алды. Ал, жеңісті төрешілер техникалық нокаутпен Шахром Гиясовқа берді.

Айта кету керек, 2016 жылғы Рио олимпиадасының финалында Гиясов қазақ боксшысы Данияр Елеусіновпен жұдырықтасып, жеңіліп қалған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт