Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Қазақстан боксшылары Олимпиадаға қатыстырылмауы мүмкін: ХОК мәлімдеме жасады

30.05.2024, 09:52

Даудың басы IBA президенті Умар Кремлевтің Олимпиада жүлдегерлеріне миллиондаған доллар беретіні туралы мәлімдемесінен басталды

Қазақстан боксшылары Олимпиадаға қатыстырылмауы мүмкін: ХОК мәлімдеме жасады
Фото ашық дереккөзден

Халықаралық бокс қауымдастығына (IBA) мүше ұлттық спорт федерацияларының атынан шыққан боксшылар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға жіберілмейді.

Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) әлеуметтік желідегі ресми парақшасында хабарланды.

Ақпаратқа сәйкес, IBA-ға Токио және Париж ойындарына іріктеу ойындарын өткізуге рұқсат етілмеген. Енді IBA жұмысының ашық еместігіне байланысты қазіргі уақытта бокс 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына қосылмаған.

«Олимпиадалық боксқа сенімді, жақсы ұйымдастырылған халықаралық федерация керек. Ұлттық федерациясы IBA құрамына кіретін кез келген боксшы Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына қатыса алмайтыны қазірдің өзінде белгілі болды. Өзін-өзі құрметтейтін Ұлттық Олимпиада комитеті мұндай ұлттық бокс федерацияларын өз мүшелігінен шығаруға міндетті», - делінген хабарламада.

Сәрсенбіде IBA Олимпиадалық турнирді ұйымдастыруға қатысы болмаса да, 2024 жылғы Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне ақшалай сыйлық беретінін айтты. Жалпы жүлде қоры 3,1 миллион доллардан асады. Бұл қаржы 100-ден астам боксшыға бөлінеді.

«Халықаралық Олимпиада комитеті IBA-ның сыйақы төлейтіні туралы ақпаратын естіді. Бірақ әдеттегідей бұл қаржының қайдан келгені мүлдем түсініксіз. Қаржылық есептің ашықтығының болмауы ХОК-тың IBA өкілеттіктерін мойындамауының себептерінің бірі болды», - делінген хабарламада.

2019 жылы ХОК IBA-ны (ол кезде AIBA) танудан бас тартқан еді. Олимпиададағы бокс турнирі сақталды, бірақ Токио ойындарында оны ХОК-тың арнайы комиссиясы өткізді. 2022 жылдың маусымында ХОК Париждегі 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы бокс турнирі қайтадан IBA-дан тыс жерде өтетінін хабарлады.

Сондай-ақ, бокс 2028 жылғы Олимпиаданың алдын ала бағдарламасына енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан – Халықаралық бокс қауымдастығының мүшесі. IBA-ны ресейлік Умар Кремлев басқарады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам