Бұған дейінгі сында қазақстандық боксшы Куба өкілінен жеңіліп қалған болатын
Бокстан ұлттық құрама мүшесі Мұхамедсабыр Базарбайұлы Таиландта өтіп жатқан лицензиялық турнирдің қосымша жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Ол 63,5 келіде колумбиялық Хосе Мануэль Виафараны 3:2 есебімен жеңді. Енді жерлесіміз Париж Олимпиадасның жолдамасы үшін Молдова өкілі Александр Парасичпен шешуші жекпе-жек өткізеді.
Сондай-ақ, бүгін әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай мен Валентина Хальзова да ширек финалға жолдама алды. Келесі сында отандастарымыз жеңіске жетсе, Париж Олимпиадасына қатысу құқығына ие болады.
Мамыр айының 21-і күні басталған турнирге Қазақстан атынан 6 боксшы аттанған болатын. Алайда олардың арасынан үш спортшы іріктеу кезеңінде ұтылып, Олимпиада жолдамасынан үмітін үзді.