Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Назым Қызайбай лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты

01.06.2024, 19:04

Енді келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе ол Олимпиада ойындарының жолдамасын алады

Назым Қызайбай лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстан бокс федерациясы

Таиландта өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирде 50 келіде өнер көрсетіп жатқан Назым Қызайбай Париж Олимпиадасына жолдамасын алуға бір табан жақын қалды.

Ол бүгін 1/8 финалда британиялық Саванна Стаблимен кездесті. Жекпе-жек барысында отандасымыз жоғары шеберлігін көрсете білді. Үшінші раундта Назымның дәл соққысы қарсыласына тиіп, төреші нокдаун тіркеді. Үш раундтың нәтижесінде төрешілер жеңісті бір ауыздан Қазақстан боксшысына берді.

Енді жартылай финалға шықса, Назым Париж Олимпиадасына жолдама алады. Бұған дейін 30 жастағы боксшы ешқашан Олимпиада ойындарына қатыспаған. Ол екі дүркін әлем чемпионы (2014, 2016 жылдары).

Назым алғашқы жекпе-жектерінде Оңтүстік Корея боксшысы Джухюнг Джун мен словак боксшысы Николь Дурикованы айқын басымдықпен жеңген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам