Ермаштың Бразилиядағы оқиғасы: 20 минут картинасыз тікелей эфир жүргізіп, Ұлттық арнаны "құтқарды"

«Сабырхан мен Шымбергенов чемпион болады». Олимпиада алдындағы бокс болжамы қандай?

20.07.2024, 15:55

Сәкен Бибосынов үшінші, Мұхамедсабыр Базарбайұлы жетінші орында тұр 

«Сабырхан мен Шымбергенов чемпион болады». Олимпиада алдындағы бокс болжамы қандай?
ҰОК

Алты күннен соң Париж Олимпиадасының алауы тұтанады. Аталған ойындарда бокстан сынға түсетін ұлттық құраманың екі боксшысы Олимпиада чемпионы атануы мүмкін спортшылар ретінде аталды.

Спорттық ойындар бойынша бәс тігуде букмекерлік кеңселер 57 келіде әлем чемпионы Махмұд Сабырханды Парижде топ жарады деп санайды. Сонымен бірге, 71 келіде әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновті те өз салмағында чемпион болатын №1 спортшы ретінде атаған. 

Сондай-ақ, Сәкен Бибосынов (51 кг) үшінші, Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг) жетінші орында тұр.

Ал 80 келіде әлем чемпионы Нұрбек Оралбай Александр Хижняк пен екі дүркін Олимпиада чемпионы Арлен Лопестен кейінгі үшінші орынға жайғасқан. Оның егізі Айбек Оралбай 92 келіде алтыншы, ал аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев үшінші сатыға орналасты.

Айта кететін жайт, Парижде әр салмақ бойынша 16 боксшы қатысады. Олимпиадада чемпион атаған боксшы барлығы 4 кездесу өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам