«Дәл қазір Жәнібекті ұрып алам»: британдық боксшы Qazaq Style-дан реванш алмақшы

Редактор
17.08.2024, 12:11

Ол бүгін WBO International титулы үшін өз жерлесімен жұдырықтасады

Getty Images

Кәсіпқой бокстан орта салмақта әлем чемпиондығына үміткер болған британдық Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды.

Қос боксшы 2022 жылдың қарашасында Лас-Вегаста жұдырықтасқан болатын. Ол кезде Жәнібек төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен. Ал, Дензел болса қазір тәжірибе жинақтағанын айтып, реванш алуға ниетті екенін жеткізді.

«Сол кезде егер менде аздап тәжірибе болғанда, мен Жәнібекті жеңіп кетер едім. Содан бері екі жылдай уақыт өтті, қазір шыңдалдым, тәжірибем жеткілікті. Егер қайта жекпе-жек өткізбек мен оны ұрып аламын», - деді Бентли жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында.

Дензел Бентли 17 тамызда Лондонда өтетін бокс кешінде рингке шығады. Оның қарсыласы – британдық Деррик Осазе. Екеуі WBO International титулын сарапқа салады.