Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Бізге қазақ боксшыларының мықты болғаны керек – Өзбекстанның бас бапкері

17.08.2024, 11:10

Бәсекелестік бар жерде даму болады дейді ол

Бізге қазақ боксшыларының мықты болғаны керек – Өзбекстанның бас бапкері
gazeta.uz

Қазақстан боксшылары мықты болғаны – өзбек боксшыларына пайдалы. Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев Sports.kz сайтына берген сұхбатында осылай деді.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Өзбекстан боксшылары жеті салмақтың бесеуінде алтын алса, қазақстандықтардан бірде-бірі чемпион бола алмады.

«Мен қазақ боксшылары мен бапкерлеріне ешқандай кеңес айта алмаймын. Қазақстанда менен де тәжірибелі бапкерлер жетіп артылады. Мен үнемі Қазақстанға мықты құрама тілеймін. Бәсекелестік жоғары болу үшін бізге қазақ боксшыларының мықты болғаны керек. Тек жоғары бәсекелестік болғанда ғана біз жақсы нәтиже көрсетеміз», - деді Т.Киличев.

Еске салайық, Париж Олимпиадасынан кейін бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен құрамадағы өзге бапкерлердің бәрі отставкаға кетті. Бас бапкер болып Қайрат Сәтжанов тағайындалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам