“1bol.kz” сайтын қолдағаныңыз - қазақша сапалы контентке жаныңыз ашығаны! Дауыс беріңіз

Қазақстанның бокс құрамасына Куба мен АҚШ-тан бапкерлер келетін болды

17.08.2024, 12:27

Оқу-жаттығу жиындарын біздің боксшылар енді негізінен шетелде өткізеді

Қазақстанның бокс құрамасына Куба мен АҚШ-тан бапкерлер келетін болды
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасының бас бапкері болып Қайрат Сәтжанов тағайындалған болатын. Енді оның штабына шетелдік мамандар шақырылады.

Журналист Аян Төлегеннің жазуынша, ұлттық құраманың боксшыларын дайындауға Куба мен АҚШ-тан жаттықтырушылар келеді екен. Олар Қайрат Сәтжановқа көмектеседі.

«Шетелден сауатты кеңесшілерсіз Қазақстан боксына революция жасау мүмкін емес. Ал бұл жаңалық мені одан сайын қуантады. АҚШ пен Кубадан көмекші жаттықтырушылар келеді деп күтілуде. Бұл тәжірибе бүгінде өте кең таралған. Бұл жолды баяғыдан сол өзбек, үнді, қытай ұстанып жүр. Сосын тағы бір айта кететін жайт, енді оқу-жаттығу жиындары елдегі базаларда емес, боксы дамыған өзге елдерде өтеді», - дейді Аян Төлеген өзінің Telegram-каналында.

Айта кетейік, ПариждеОлимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін бас бапкер Мырзағали Айжанов пен оның штабы толық жұмыстан кеткен болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам