Спортшы жас теннисшілерге шеберлік сабақтарын өткізеді
Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингтің көшбасшысы Елена Рыбакина Астана мен Алматы қалаларына арнайы сапармен келеді.
Бір аптаға жоспарланған сапар барысында спортшы жас теннисшілерге шеберлік сабақтарын өткізіп, кәсіби мансабында жинаған тәжірибесімен бөліспек. Сонымен қатар Рыбакинаның жанкүйерлермен кездесуі жоспарланған.
Қазақстандық теннисшінің елге сапары АҚШ ашық чемпионатындағы тарихи жеңісінен және WTA әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілуінен кейін өтеді.
Рыбакина бұған дейін Wimbledon-2022 және Australian Open-2026 турнирлерінде чемпион атанған. US Open додасындағы жеңісінен кейін оның қоржынында жекелей сындағы үш «Үлкен дулыға» атағы бар.
Бұл жетістік Қазақстан теннисі үшін де тарихи нәтиже саналады. Рыбакина елімізге жекелей сындағы үшінші «Үлкен дулыға» жүлдесін әкеліп, Қазақстанның атын әлемдік теннис тарихына тағы бір мәрте жазды.