Қазақ боксшысы лайықты қарсылас таппай жатыр
Ұлыбританиялық кәсіпқой боксшы Натан Хини (18-0, 6 КО) рингке оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі EverythingBoxing парақшасында жазылған.
Дереккөздің мәліметінше, Хини келесі жекпе-жегін осы жылдың 16 наруызында Бирмингемде (Англия) өткізеді. Алайда, оның қарсыласы туралы әлі нақты ақпарат жоқ.
Спорт шолушысы Буг Уильямс болса Хинидің Жәнібек Әлімханұлымен жоспарланған жекпе-жегін еске алды. Осыдан бірнеше ай бұрын британдық боксшы WBO/IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионымен жұдырықтасуды жоспарлап жүргенін айтқан болатын.
EverythingBoxing инсайдерінің хабарлауынша, Натан мен Жәнібек наурыз айында жекпе-жек өткізбейді. Бұл кездесу жазда Хинидің туған жері Сток-он-Тренте қаласында ұйымдастырлуы әбден мүмкін.
«Бұл жекпе-жек Стокта өтуі тиіс. Ол наурызда өтпейді. Бәлкім жазда өтуі мүмкін», - деді EverythingBoxing инсайдері. Оның сөзінше, тараптар бұл бокс кешін өткізуге қызығушылық танытқан.