Бесеудің біреуі ғана жеңіске жетті
Сербияның Сомбор қаласында басталған бокстан жасөспірімдер арасындағы «Ұлттар кубогі» халықаралық турниріне Қазақстандық қыздар құрамасы да қатысқан болатын. Алайда, жарыстың алғашқы күнінде рингке шыққан бес боксшымыздың төртеуі жеңіліп қалды.
Атап айтқанда, Марал Төлепберген (50 кг) ресейлік Анастасия Голуновадан жеңілсе, осы салмақта өнер көрсеткен Гүлнар Тұрапбай румын қызы Михаэл Бадескудан, Мөлдір Тойкова өзбек Феруза Казаковадан айласын асыра алмады. 66 келідге жұдырықтасқан Бақыт Сейдіш те Өзбекстан өкілінен жеңілді. Тек Анита Адишева (54 кг) ғана алғашқы айналымда әзірбайжандық Зейнаб Рахимованы жеңіп, келесі кезеңге өтті.
Өзге салмақта өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшы қыздар бүгін жарыс жолына шығады.