Темірлан Анарбеков әлемдегі үздік үш қақпашының қатарына кірді

Редактор
29.01.2026, 18:18

22 жастағы голкипер жалпы есепте 36 сейв жасаған

ФК «Қайрат»

Қазақстан құрамасы мен алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының жалпы кезеңін сейв саны бойынша көшбасшылар қатарында аяқтады. Бұл туралы NUR.KZ УЕФА деректеріне сілтеме жасап хабарлады.

22 жастағы голкипер жарақатына байланысты алғашқы екі турды өткізіп алды. Алайда одан кейін «Қайраттың» қалған алты матчында толық ойнады.

Осы аралықта Анарбеков 14 гол жібергенімен, жалпы есепте 36 сейв жасап үлгерді. Нәтижесінде ол жалпы кезеңде сейв саны бойынша үшінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, дәл осындай көрсеткішке француздың «Марсель» клубында өнер көрсететін аргентиналық қақпашы Херонимо Рульи де қол жеткізді. Бірақ оған 36 сейв жасау үшін 8 матч қажет болған.

Сейв саны бойынша үздік нәтижені:

  • Норвегияның «Будё-Глимт» клубындағы ресейлік Никита Хайкин көрсетті — 49 сейв (8 матч),

  • Испанияның «Реал Мадрид» клубының бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуа — 41 сейв (7 матч).

Реклама
Реклама