Ол қысқамерзімді келісімшарт нұсқасын қарастырып жатыр.
Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Карим Бензема Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубымен арадағы келіспеушіліктен кейін мансабын қайтадан мадридтік «Реалда» жалғастыруы мүмкін.
Fichajes басылымының мәліметінше, футболшы клуб басшылығына жаңа келісімшарт талаптары қайта қаралмайынша, алаңға шықпайтынын жеткізген. Бензема жалақы көлемі жағынан «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналдудың келісіміне шамалас шарт ұсынуды сұраған. Ал бұл дегеніміз - маусымына шамамен 180 миллион еуро деген сөз.
Алайда «Әл-Иттихад» мұндай қаржылық талаптарды орындауға дайын емес және француз форвардымен келісімшартты ұзартуға құлық танытып отырған жоқ. Ал футболшының қазіргі келісімі 2026 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
Осыдан соң ойыншының агенті «Реалмен» байланысты жандандырып, маусым соңына дейін келісімшарт жасасуды ұсынған көрінеді. «Корольдік» клубтың спорттық басшылығы бұл трансфердің турнирлік міндеттерге, қаржылық тепе-теңдікке және команда құрамына әсерін жан-жақты сараптап жатыр.
Қазір команда турнир кестесінде 17 матчтан кейін 30 ұпай жинап, алтыншы орында келеді.