Индонезиядағы матч кезінде футболшыға найзағай түсіп өлтірді (ВИДЕО)

Редактор
12.02.2024, 09:39

Былтыр желтоқсанда Бразилияда да бір футболшы найзағайдан мерт болған еді

скрин

Индонезиялық «Персикас Субанг» клубының 30 жастағы футболшысына ойын кезінде найзағай түсіп мерт қылды. Төбеден жай түскеннен кейін ойыншы ес-түссіз құлаған. Ал, оған жақын жүрген екінші футболшы жерге отыра қалды.

Жергілікті БАҚ өкілдері жазғандай, ауыр жараланған футболшы ауруханада есін жимастан көз жұмған.

Оқиға болған «Силиванги» стадионына бұған дейін де найзағай түскен екен. Бірақ, ол кезде қайғылы оқиға тіркелмеген.

Материалда: