Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Африка кубогі: топтан әзер шығып, бапкерін ауыстырған Кот-д’Ивуар чемпион атанды

12.02.2024, 09:28

Ивуарлықтар Африка кубогін үшінші рет жеңді

Африка кубогі: топтан әзер шығып, бапкерін ауыстырған Кот-д’Ивуар чемпион атанды
eastnews.ru

Футболдан Африка кубогінің жаңа иегері анықталды. Жарыс финалында Кот-д’Ивуар мен Нигерия құрамалары ойнап, ивуарлықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Иә, топтық кезеңде Экваторлық Гвинеядан 0:4 есебімен жеңіліп, артынша бас бапкер Жан-Луи Гассені оның ассистенті Эмерс Фаэге алмастырған Кот-д’Ивуар құрамасы Африка кубогінің иегері атанып отыр.

Финалдық матчта команданы чемпиондыққа сүйреген Симон Аденгра мен Себастьян Аллер жарысқа жарақатпен келіп, плей-офф кезеңіне дейін емделіп жатқанын айта кету керек. Олар финалға жақын қатарға қосылып, командасына чемпиондық титулды алып беріп отыр.

Ойынның бірінші таймында ивуарлықтар негізінен шабуылдаумен болды. Бірақ, голды Нигерия соқты. 38-минутта команда капитаны Уильям Трост-Эконг бұрыштамадан көтерілген допқа бірінші секіріп, Кот-д’Ивуар қақпасына баспен гол соқты. 

Бірінші таймда жанкүйерлер өзге гол көрген жоқ. Жарыс қожайындары (Африка кубогі биыл Кот-д’Ивуарда өтті) толассыз шабуылдар ұйымдастырғанымен, Нигерияның қорғанысын бұза алмады. Тек екінші таймның ортасында Франк Кессиэ есепті теңестірсе (62-минут), 81-минутта Себастьян Аллер Аденграның берген пасын тиімді пайдаланып, қарсылас қақпасына екінші голды, яғни жеңіс голын соқты.

Кот-д’Ивуар топтық кезеңнен кездейсоқ шыққаннан кейін финалға дейін өте ауыр жолды жүріп өтті. Алдымен Сенегалды пенальти сериясында жеңсе, 1/4 финалда Малидың қақпасына овертаймның 120-минутында жеңіс голын соғып кетті. Жартылай финалда Конгомен өткен тартысты ойында 1:0 есебімен жеңіске жетсе, финалда Нигерияны тізе бүктіру үшін аса қиындық көрген жоқ.

Осылайша Кот-д’Ивуар Африка кубогінің үш дүркін чемпионы атанып отыр. Аталған трофейді Нигерия да үш рет жеңіп алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам