20 наурыз күні, «Ордабасы» өз алаңында «Қайсарды» қабылдайды
Қазақстан Премьер-лигасының екінші турында шымкенттік «Ордабасы» елордада «Жеңісті» 2:0 есебімен жеңді.
Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен кездесуде қос гол да екінші таймда соғылды. Есепті 49-минутта Сұлтанбек Астанов ашса, 74-минутта 19 жастағы Жасұлан Әмір матчтың нүктесін қойды.
Осылайша, «Ордабасы» биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне жетіп, төрт ұпай жинады. Қазір шымкенттік клуб турнир кестесінде «Астана» және «Ұлытаумен» бірге 2-4 орындарды бөлісіп тұр.
Ал «Жеңіс» екі турдан кейін бір ғана ұпай еншілеп, 13-орынға жайғасты.
Үшінші турда, 20 наурыз күні, «Ордабасы» өз алаңында «Қайсарды» қабылдайды. Ал елордалық «Жеңіс» сырт алаңда «Атыраумен» кездеседі.