Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

17 жастағы Сәтпаев «Қайрат» сапында 50 ойын өткізді

Бүгін, 17:48

Ол құрамада алғашқы ойынын 2024 жылдың 26 мамырында өткізген

17 жастағы Сәтпаев «Қайрат» сапында 50 ойын өткізді
ФК "Қайрат"

17 жастағы қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев алматылық «Қайрат» сапындағы 50-матчын өткізді. Мерейтойлық кездесу семейлік «Елімай» клубына қарсы өткен ойында тіркелді.

Жас футболшы 2024 жылдың 26 мамырында «Ақжайық» клубына қарсы Лига кубогы матчында дебют жасаған еді. Ол кездесуде алматылық команда қарсыласын 9:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Қазіргі таңда Сәтпаевтың еншісінде 50 матч, 22 гол және 10 нәтижелі пас бар.

Айта кетейік, қазақстандық талантты шабуылшы 2026 жылдың тамыз айында 18 жасқа толған соң лондондық Челси клубына қосылады.

Қазір «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 15 ұпаймен көш бастап тұр. Команданың келесі ойыны Қазақстан кубогының 1/8 финалында «Қайсар» клубына қарсы өтеді. Кездесу бүгін Қызылордада сағат 20:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам